«Qazaqstan» телеарнасында маусым бойы көрерменнің көзайымына айналған «Qazaqstan дауысы» жобасы аяқталды. Үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында финалистер тікелей эфирде 2 ән шырқады, деп хабарлайды аталған телеарнаның баспасөз қызметі. Әр үміткер бір әнді жеке, бірін тәлімгерлерімен бірге орындап шықты. Яғни ақтық сында тәлімгерлер де бір-бірімен бәсекеге түсті. Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауысы арқылы анықталды. SMS-дауыс беру нәтижесі […]
Сообщение «Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
«Qazaqstan» телеарнасында маусым бойы көрерменнің көзайымына айналған «Qazaqstan дауысы» жобасы аяқталды. Үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында финалистер тікелей эфирде 2 ән шырқады, деп хабарлайды аталған телеарнаның баспасөз қызметі.
Әр үміткер бір әнді жеке, бірін тәлімгерлерімен бірге орындап шықты. Яғни ақтық сында тәлімгерлер де бір-бірімен бәсекеге түсті. Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауысы арқылы анықталды.
SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:
1-орын – Құралай Мейрамбек
2-орын – Ерік Төленов
3-орын – Ернар Амандық
4-орын – Аружан Айдарбек иеленді.
Сәкен Майғазиевтің шәкірті «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге иеленді. Сонымен бірге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Құралайдың өнеріне әрі қарай қолдау білдіреді. Осылайша жарты жылға жуық көрерменін қуантқан бағдарлама өз мәресіне жетті.
«Qazaqstan дауысы» — әлемнің 140 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Музыкалық бағдарлама көрерменге жарты жыл бойы ұсынылып, рейтинг бойынша көш бастап келді. Жобаға ұзын-саны 6 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде өзге мемлекеттен арнайы келген таланттар да болды.
Жалпы, «Көрмей таңдау» кезеңіне 100 шақты үміткер өтті. Одан соң қатысушылар «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі кезеңдерінде бақ сынап, финалға 4 тәлімгердің 4 үздік шәкірті жолдама алды.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Сообщение «Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.