Қара қарақат (смородина черная, Ribes nigrum L.) — биіктігі 125 сантиметрге жететін, бұталы өсімдік. Жапырақтары 3-5 салалы, кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, төменгі жақтарында бездері бар. Осыған байланысты өсімдіктен сүйкімді иіс шығып тұрады. Гүлдері ашық қызыл түсті, 4-5-тен жиналып масаққа ұқсап шоғырланып, төмен қарап салбырап тұрады. Гүл жапырақшалары да, гұл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Ұрығы — көп тұқымды, түсі қара, иісі аңқыған етті жеміс. Мамыр айында гүлдейді. Жемісі шілде айында піседі. Жабайы қарақат өзен жағаларында, батпақты жерлерде, бұталардың арасында, ылғалды ормандарда өседі. Мәдени өсімдік ретінде де көп жерлерде қолдан егіледі.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жемістері мен жапырақтарын пайдаланады. Құрамында С витамині,...