Түрлі түсті қалампыр (гвоздика разноцветная, Dianthus versicolor Fisch) — шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі. Биіктігі 60 сантиметрдей. Тамыры жуан, қосымша тамырлары да бар. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, отырмалы, қандауыр тәрізді. Гүлдері ірі, қызыл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағына бір-бірден орналасқан. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Тау етектерінде, қарағайлы ормандарда, шабындықтарда өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады.
Құрамында сапониндер, алкалоидтер, кристалды заттар, аскорбин қышқылы бар. Ұзаққа созылған зерттеулер нәтижесінде қалампыр тұнбасының жатырды өте жақсы жиырылтатын қасиеті анықталды. Осы мақсат үшін қолданылып жүрген кейбір дәрілерге қарағанда қалампырдан жасалған дәрілердің әсері 3-4...