Бұрыш жалбыз (мята перечная, Mentha х piperita L.) — биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жер астында көлбеу өседі, жіңішкелеу келген көптеген қосымша тамырлары бар. Сабақтары түзу, төрт қырлы, қызыл түсті әрі қысқа, ұштары сүйір, жұмыртқа тәрізді, бірақ ұзынша келген, шеттері өткір, ара тісті, ұзындығы 8 см, ені 2 см шамасында. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, гүлдері ашық қызыл түсті, масақ тәрізді. Гүл тостағаншасы түтікше тәрізді, бес қалақшадан тұрады, тәжі су құятын воронкаға ұқсайды, гүл жапырақтары біріне-бірі жабыса біткен. Шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді. Өсімдіктің жағымды хош иісі бар.
Бұрыш жалбыз жабайы күйінде табиғатта кездеспейді. XVII...