Бәйшешек (первоцвет лекарственный, Herbion cowslip syrup) — биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жер үстіндегі бөлігі қысқа, гүл сабағы мен оның түбінде топталып сабақты айнала өскен тамыр — жапырақтарынан тұрады. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, қысқа сабақты. Гүлдері ашық сары түсті, қолшатыр тәрізденіп, гүл сабағының ең ұшында бір жағына қарай қисайып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 тісті, гүл жапырақшалары өзара біріккен түтікше тәрізді. Жемісі — қоңырқай түсті, сопақша келген қауашақ. Мамыр айында гүлдеп, шілде айында жеміс береді.
Бәйшешек шабындықтарда, орман ішінде, бұталардың арасында, таулы беткейлерде өседі. Дәрі ұшін...