Бадана (фасоль обыкновенная, Phaseolus vulgaris...) — биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сағақтары ұзын, ұштары сұйір, үш-үштен қосақталып тұрады. Гүлдері сирек, масақша жасап шоғырланған. Гүл тостағаншасының бес қалақшасы бар, олар өзара жабысып, екі ерінді қысқа түтікше құрайды. Гүл тәжі ақ, кейде ашық қызыл түсті, гүл жапырақшалары бесеу. Жемісі — ұзынша келген, буылтығы бар ірі бұршақ. Мәдени өсімдік ретінде қолдан егіледі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін тұқымынан ажыратып алып пайдаланады. Құрамында аргинин, аспарагин, фазеолин, кремний қышқылы, глобулин бар.
Бадана жемісінің сыртындағы қауызының қанның құрамындағы қантты азайтатын, несеп айдайтын қасиеттері бар. Осыған байланысты қант...