Бадам (миндаль обыкновенный, Amygdalus communis L.) — онша биік емес, жоғарғы жағы жайыла өскен ағаш. Жапырақтары сопақша, шеттері ара тісті. Олар ағаш гүлдегеннен кейін пайда болады. Гүлдері жеке-жеке орналасқан, ашық қызыл немесе ақ түсті, гүл тостағаншасы да, гүл жапырақшасы да бес-бестен. Жемісінің сыртында жеуге болмайтын еті бар сүйекті дәнек. Оның ішінде 1 не 2 тұқымы болады. Ерте көктемде гүлдейді.
Бадам жабайы күйінде таулы және тасты беткейлерде өседі. Мәдени өсімдік түрінде де егіледі. Дәрі жасау үшін ағаштың жемісі мен майы пайдаланылады. Кұрамында майлар, амигдалин деген гликозид, синиль қышқылы және бензин альдегиді бар.
Ғылыми медицинада бадам майы іш жүргізетін және теріні жібітетін...