Аскөк (укроп огородный, Anethum graveolens) — биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр. Жапырақтары жіп сияқты көптеген жіңішке белімдерге бөлініп тілімделген. Гүлдері майда, сары, өсімдіктің жоғарғы жағында қолшатыр тәрізденіп шоғырланып тұрады. Шілде-тамыз айларында гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйек айларында піседі.
Аскөк тұрғын үйлердің маңайында, бақшаларда, жолдардың жиегінде өсе береді. Көбінесе мәдени өсімдік ретінде қолдан егіп өсіреді. Дәрі үшін өсімдіктің жемісі мен жерге түскен бөлігін жинап алады. Құрамында эфир майлары, фенхон, анетол, флавоноидтар, майлар, аскорбин қышқылы, каротин, кверцетин, изоралентин, кемпферол бар. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, қан тамырларын кеңейтетін, ішектің жұмысын реттейтін, несеп айдайтын, қақырық түсіретін,...