Қожақат (ежевика, Rubus) — биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады. Бүкіл бойы тікенекті. Жапырақтары қауырсын тәрізді, сағақтары ұзын, 3-5 жапырақшалардан тұрады. Шеттері ара тісті, пішіні жұмыртқа тәрізді, екі жағында да түктері бар. Гүлдері ақ, ірі, гүл тәжісінің жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен. Жемісі бірнеше сүйегі бар қара дәндерден тұрады. Өзен жағаларында, төбелердің басында, бұталардың арасында, жол жиектерінде өседі. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Дәрілік мақсат үшін есімдіктің жапырағын гүлдеген кезінде, ал жемісін піскен кезінде жинап алады. Құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, аскорбин кышқылы, каротин, Е витамині, органикалық қышқылдар, илік заттар...