Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талас ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

ZHAMBYLNEWS — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Талас ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы байқаудың аудан бойынша жеңімпазы атанған Тоқсанбаевтар және II орын иегері Тұрсынбай отбасын марапаттап, өңірдегі отбасылық тәрбиені қалыптастыруға қосқан үлестері үшін айрықша алғысын білдірді.

Тоқсанбаевтар отбасының отағасы — Галым Турысбекұлы 1968 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы училищеде наубайшы мамандығын бітірген. Қазіргі таңда Талас ауданы әкімдігінің «Таза Талас» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қоғамдық жұмысшы болып қызмет атқарады. Отанасы — Айдын Мамасерикова, 1971 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Қаратау қаласындағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ бухгалтерия және аудит мамандығын бітірген. 2001-2008 жылдары Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде маман болып қызмет атқарған. 2008-2011 жылдары «БТА Банк» қызметкері болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Талас аудандық орталық ауруханасы жалпы терапия бөлімшесінің кіші қызметкері. Жанұя құрғандарына 16 жыл. Бүгінгі күнде 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде. Ұлы — Әділет Тұрысбек 2007 жылы туылған. Ол республикалық зияткерлік олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша II орын иегері, «64» шаршы дойбыдан облыстық турнирдің II жүлдегері және түрлі деңгейдегі сертификаттармен марапатталған.

Қызы — Айым Тұрысбек 2009 жылы туылған. Ол халықаралық фестивалдарьдың «Хореография» жанры бойынша жүлдегері, халықаралық турнирдің математика пәнінен II орын иегері және түрлі деңгейдегі сертификаттар мен дипломдармен марапатталған.

Ал, Тұрсынбай отбасының отағасы — Мақсат Тоқтасынұлы, 1992 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Таеквандодан спорт шебері. Қазіргі таңда Талас ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Отанасы — Ақсұлу Байболатова 1992 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі аға инспекторы болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Волонтерлар», «Жас отбасы» клубының төрайымы, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының «Әйел және отбасы» секциясының жетекшісі, «Таластың сөнбес сәулесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Жас отбасы бүгінгі күнге 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде. Жанұя құрғандарына 11 жыл.

Сообщение Талас ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus