Кейіпкерлер:
Айым — жас ұстаз, шығармашылық адамыСәуле — оның әріптесі
Ләззат — мұғалім қыз
Нағима — дәрігер
Мекен — дәрігер
Жанат — үлкен жазушы
Жанарыс — емші
Директор — мектеп басшысы
Елес-жігіт — Айымның ғашығы
(Екі қыздың жалдап тұрып жатқан бөлме іші қағаз бен дәптерге толы. Кітаптар жұмыс үстелінде ғана емес, жерде де шашылып жатыр)
Айым: Сәуле, сенің балалық дәуреніңнің қалай дөңгелеп өткенін білмеймін. Ал мен кішкентай күнімнен мұғалім болуды армандайтынмын. Тіпті, бала кезімдегі сүйікті ойыным «мұғалім-оқушы» болатын. Онда да мен үнемі мұғалім болып «қатайып» тұратынмын, көршілердің балалары оқушы ретінде ғана көрінетін.
Сәуле: (дәптерлерін реттеп отырып) Е, бала арманың...