Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АМТ басшысы вакцинацияны ұйымдастырғаны үшін Қазақстан билігіне алғыс айтты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Бас директоры Биджу Наир кәсіпорында қол жеткізілген вакцинация көрсеткіші, әлемдегі ArcelorMittal компаниялар тобындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін хабарлады. Ол компания қызметкерлеріне видеоүндей жолдап, алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцина алғандардың 90 пайызы - біздің 32000-нан астам қызметкерлеріміз және біздің мердігерлердің 4000-нан астам қызметкерлері, яғни барлықтарыңыз. Бұл бәріміз үшін үлкен жеңіс!" - деді Биджу Наир.


"АрселорМиттал Теміртау" АҚ барлық менеджерлері де коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.
Биджу Наир Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сондай-ақ, премьер-министр Асқар Маминнің вакцина науқанын ұйымдастырудағы рөлін атап өтті.

"Қазақстан вакцина қол жетімді ғана емес, оларды таңдау мүмкіндігі бар  санаулы елдерінің бірі. Ұлттық вакцина да әзірленді", - деді "АрселорМиттал Теміртау"АҚ Бас директоры.

Биджу Наир Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке компания қызметкерлері үшін вакцинацияны ұйымдастыруға белсенді көмектескені үшін алғыс білдірді. Егу пункттері, медицина қызметкерлері барлық қажетті жабдықтарымен бірге кәсіпорындар аумағында жұмыс істеді.
Биджу Наир өз үндеуінде әлі COVID-19 вакцинасын алмаған адамдарды тез арада вакцинациялауға шақырды. Ол вакцинация - адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы екенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus