Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысындағы жарылыстар: Сапарбаев Тоқаевқа есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою барысы туралы ақпаратын тыңдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президентке 122 жылжымайтын мүліктің, соның ішінде 106 тұрғын үй, 12 коммерциялық және 4 әлеуметтік нысанның қирағаны жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 12 мекеме, 23 техника мен 185 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.
Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, бүгінге дейін 62 тұрғын үй жөнделген. Жалпы қайта қалпына келтіру жұмыстарын 10 қарашаға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жібек жолы ауылындағы қираған №5 орта мектептің орнына жаңа мектеп салынады.
Бердібек Сапарбаевтың мәліметі бойынша, 26 адам стационарда ем алып жатыр. Олардың 15-і госпитальда емделіп жатқан әскери, полиция және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкері.

"Жарылыстан қаза болғандар отбасына материалдық көмек көрсетіліп жатыр, сондай-ақ зардап шеккен отбасылардың жұмыссыз мүшелерін жұмысқа орналастыру мәселесі шешіліп жатыр. Екінші деңгейлі банктерде қарызы бар отбасылардың кредитін өтеу мәселесі толық шешілген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берілді. Жамбыл облысының экономикалық өсімі - 106,4 пайыз. Биылғы қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі 5,4 пайыз, ауыл шаруашылығы 3 пайыз, инвестиция 19,5 пайыз, құрылыс 9 пайыз, тұрғын үй 14 пайыз, сауда-саттық 4 пайыз деңгейінде болады деп күтіледі.
Биыл ауа райының қолайсыздығы мен қуаңшылыққа қарамастан, егін өнімділігі өңір бойынша гектарына 15 центнерден айналмақ. Әкімнің айтуынша, облыстағы вакцина алуға тиісті тұрғындардың 72,5 пайызы екпе алған.
Сонымен қатар, Президентке вакцина шығаратын зауыттың дайын өнімді құюға толық әзір екені айтылды. Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Зауыт пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған үйлер мен акт залы бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасып жатыр.
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus