НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында интернеттегі ғайбаттаулардан азаматтар әсіресе балалар зардап шегетінін және кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қолға алу қажеттігін айтқан еді. Бұл мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Зарина Қанатова заң жобасында қандай өзгерістер болатынын, нақты қандай әрекеттер кибербуллинг ұғымына кіретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.