Қалмақ халқының ұлы эпосы «Жәңгір» жырының шыққанына алдымыздағы май айының ішінде 500 жыл толады. Бұл жыр Қалмақ халқының XIV—XV ғасырдағы ұлы жауынгерлік істерін сипаттайды. Халық туғызған жыр қашанда болса ескірмек емес, оның өмірі соншама ұзақ болып халықпен бірге жасай бермек.
I

Міне, сол ғасырлар бойы халықпен бірге жасап келе жатқан жырдың бірі осы «Жәңгір» жыры.
«Жәңгір» жырының көлемі 12 мың жол шамасындай. Қалмақ халқының жыршылары бұл «Жәңгірді» біздің Қобланды батыр, Ер Сайындар сияқты жатқа айтып жүретін көрінеді.
Бұл эпос біздің эпостармен салыстырғанда анағұрлым жасамыс эпос. Сондықтан да мұның теңеулері біртүрлі ірі, ақылға сыймастық керемет болып келеді. Адамдары да айтқысыз зор,...