Қазақтың мемлекеттік Академиялық драма театры кеше жас драматург Ә. Әбішев жолдастың «Отан үшін» атты жаңа темада жазылған пьесасын қойды.
Жас драматургтың театр искусствосындағы алғашқы адымы — жаңа спектакльді көруге біз де асықтық. Біз де театрға келдік.
Міне Академиялық театр, міне оның өзіміз көріп жүрген залы мен таныс сахнасы. Фойе толған адам, бәрі де сахнаның ашылуын асығып күтіп отыр. Сахна ашылды. Зрительдердің көзіне 1916 жылдың бір аянышты суреті жарқ ете қалды.
Екі талай кезеңде ел бастаған қазақ халқының адал ұлы Серғазы, оның қасына ерген сарбаздар. 1916 жылдың қара түнегі түтеп соғып тұрған кез. Қазақ халқының басына туған ажал қайғы, қанды шердің...