Қарт Оралдың күнгейінен шығыстағы сонау Құлынды даласына, Қызылжардың терістігіндегі қайың жалдарынан Қарағандының көмірлі өңірлеріне дейін жалпақ дүниені жайлап жатқан Тың өлкесі. Батысынан шығысына дейін 1300 шақырымға, солтүстіктен оңтүстігіне дейін 900 шақырымға созылған. Алты жүз шаршы мың километр ұлан-байтақ осынау жерді алып жатқан бұл өлкеге Франция, Бельгияның екеуін қатар сыйғызуға болар еді.
Қостанай мен Солтүстік Қазақстан, Целиноград пен Көкшетау және Павлодар сықылды аса ірі бес облысты біріктірген бұл ұлан-асыр кең даланың өз тарихы, өз шежіресі бар. Тобыл бойында Балғожа мен Ыбырайдың мекені жатыр. Даңқты ұстаз күллі қазақ жастарына «Кел, балалар оқылық» деп осы арадан тұңғыш ұран көтерген Ыбырайдың дарынды шәкірттері Спандияр...