НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын өзара тану жөнінде бірқатар елмен келіссөз жүргізуде. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.