Бүгін құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалынан Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биікте орналасқан.
Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді", - делінген хабарламада.
Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!