Алматыда қараусыз қалған үш жасар қыз табылды. Ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Полиция оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде "Шұғыла" кинотеатры маңында қараусыз жүрген кішкентай қыздың суреті жарияланды.
"Бала әлі жөргекте. Кішкентай баланы қалай қараусыз қалдыруға болады?" - делінген жазба сипаттамасында.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 маусымда Түрксіб аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындардан шақырту түскен. Олардың айтуынша, Палладин көшесі бойында Сейфуллин даңғылымен қиылысқа жетпей шамамен үш жасар қыз қараусыз жүрген.
Полиция бала мен оның анасының жеке басын анықтады. Бұл кезде анасы жұмыста болған екен.
"Әйел қызы 10 жастағы үлкен ұлымен үйде қалғанын айтты. Ұлы ұйықтап жатқанда, қыз далаға шығып, жоғалып кеткен. 1994 жылғы әйелмен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді", - деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Еркін Амантаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!