Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
Халқымның қиын да ерлікке толы тарихын суреттеу міндеті өмірімнің мәніне айналды. Елімнің өткенін әңгімелеу өмірімнің басты мақсаты болды. Мемлекеттік және ұлттық тұтастықтың өміршеңдігі мен оны сақтап қалу үшін болған күрес туралы шынайы тарихты көрсету. «Көшпенділерде» және «Алтын Орда» трилогиясында мен осы туралы айтқым келді.
Ілияс Есенберлин
Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы...