Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру.
«Студент» тeрмині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.
Студeнт белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде сипатталуы мүмкін: психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек.
Бұл жақтaрын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған...