Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8-сәуір күні Тарих факультетінің ұйымдастыруымен ұлы ғалым, ағартушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған, «Білім беру ісінің көшбасшысы, ұлы ағартушы» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Ісшараға Тарих, тарих және география мамандығының магистранттары мен «Ника» студенттік ғылыми клубының мүшелері қатысты.
Дөнгелек үстелде ең алдымен Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолын, онын жәдидшілдікке қосқан үлесі мен ұлттық модернизацияны көтеру жолындағы атқарған еңбегі туралы арнайы дайындалған магистранттардың баяндамалары оқылды. Ағартушыны қазақ қоғамы мен тарихында педагогика саласының негізін қалаушы ретінде танимыз. Ол ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашып , одан әрі училищелер мен кітапханалар ашуға дейін еңбек еткен...