Мұхтар Мағауинді біреу жазушы, біреу ғалым деп таниды. Менің танымыма жазушы Мағауин жақынырақ. Себебі, тарихтан сыр шертіп қана қоймай, кейіпкерлерінің қылығынан танысыңды танығандай боласың. Менің оқыған әңгімелерімнің қатарында Мағауиннің бірді-екілі шығармалары төбе көрсетіп-ақ қояды. Соғыстан соң ауылдык жайын сөз қылған «Ақша қардың» өзі үлкен бір төбе. «Қияндағы қыстаудың» да орны ерекше. Ал «Қобыз сарыны» монографиясында хандық кезеңдегі халық жағдайын тәтпіштеп тұрып баян қылған.
Маған ең ұнаған «Көк мұнар» әңгімесіне тоқталып өтейін.Бұл Мұхтар Мағауиннің ең бірінші тарихқа сүңги жазған шығармасы еді. Екі жүз беттен тұратын кітапқа көп дүние сыйғыза алған. Шығармадағы Едіге кім деген ой келеді басыңа. Шынымен де ол...