Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыда адамдарды 58 миллион теңгеге алдап кеткен қаржы пирамидасы анықталды

Қарағандыда қаржы пирамидасы әшкере болды. Ұйым 77 адамды алдап үлгерген. Олар 58 миллион теңге салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы - Қарағандының Майқұдық ауданының 34 жастағы тұрғыны. Ол 2019 жылдың сәуірінде қылмыстық жүйе жасап, оған ақша салған адамдарға қаржысын еселендіріп беруге уәде еткен. Қылмыстық жоспарын жүзеге асыру үшін ол WhatsApp-та "Тәуелсіз трейдер" ("Независимый трейдер") деген топ ашып қойған. 

"Ақшаны қолма-қол шығару үшін қаржы пирамидасын ұйымдастырушы туыстарының: әйелінің, анасының, енесінің банк картасын пайдаланған. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазанынан сәуіріне дейін әкімші ретінде 50 адамды алған, олар да қаржы ұйымына ақша салған. Бәріне ақшасын еселеп қайтаратынын айтқан, алайда біраз қаражат жиналғаннан кейін жоғалып кеткен. Жәбірленушілер тарапынан алғашқы арыздар 2019 жылдың соңында түсе бастады", - деді Қарағанды облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі Сұңғат Хасенханов. 

Күдікті 2020 мамырында ұсталды. Таяуда қылмыстық іс сотқа жіберілді. Жәбірленуші ретінде 77 адам тіркелген. 

"Жалпы Қарағанды облысының Полиция департаментінде екі бірдей іс жатыр. Тағы біреуін Сәтбаев қаласының полиция бөлімі тергеп жатыр. Олар бойынша материалдық шығын әлі есептелмеді", - дейді тергеуші. 

Сонымен қатар, Сұңғат Хасеновтің мәліметінше, кейбір жәбірленуші осымен бірнеше рет алаяқтардың құрығына түсіп қалған. 
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus