НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия ортақ телехикая мен фильм түсіруге ниетті. Қос тарап оған қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияның мемлекеттік TRT телерадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.