У дыбысына неліктен U таңбасы таңдалып алынды? Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасындағы осы өзгеріс туралы филология ғылымның докторы, академик Зейнеп Базарбаева пікір білдірді.
«Тарихқа жүгінсек, мамандардың айтуынша, W таңбасы бастапқыда бірде UU, бірде VV түрінде беріліп, нәтижесінде VV лигатурасын қолдану басымдыққа ие болған екен (XVI-XVIII ғғ.). Ал XІV ғасырдан бастап Ww ағылшын әліпбиінде жеке әріп ретінде орныққан. Француз тілінде W таңбасы әліпбиде болса да жазуда пайдаланылмайды. Ал итальян, румын, литва, латыш, серб, хорват, босни тілдерінде Ww таңбасы әліпбиде жоқ, тек кірме сөздерде пайдаланылады. Латын графикасын қолданып отырған түрік, әзербайжан, өзбек әліпбилеріне де Ww таңбасы алынбаған», - дейді тіл маманы....