НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпаннан Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды індетке қарсы вакциналау басталды. Мамандардың айтуынша, коронавирусты тоқтатып, пандемиядан шығудың бірден-бір жолы – вакциналау болып отыр. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады. Осы орайда бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде мамандар COVID-19 вакцинациясы туралы түсінік берді.