ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алып жатыр. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.