Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен кетті

Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook желісінде хабарлады.

"Достар!Бүгін мен Азаматтарға арналған үкімет төрайымы қызметінен өз еркіммен кеттім. Ақ пейіл көңілі мен жемісті жұмысы үшін ұжымыма зор алғыс білдіремін. Менің де алдымда үлкен мақсаттар бар, соларды орындауға тырысып, әлі де жақсы хабарлармен бөлісетін боламын. Отбасыларыңыз аман болсын, әрқайсысыларыңызға бақ-береке, табыс тілеймін, ауру-сырқаудан аман болыңыздар!", - деп жазды ол.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы қызметіне Әсемгүл Балташева 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсетудің барлық орталығын бірыңғай жүйеге интеграциялайды, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласына, ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларға жауап береді. Зейнетақы мен жәрдемақы үшін де жауап береді.
Балташева Әсемгүл Серікқызы 1977 жылы 8 шілдеде дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін (мамандығы - "Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау"), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (мамандығы - "экономика және менеджмент") бітірген.
1997 жылдан 2011 жылға дейін "Қазақтелеком" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2011 жылдан 2012 жылға дейін "халыққа қызмет көрсету орталығы" РММ басқарды, содан кейін "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК директорының орынбасары, содан кейін бас директоры болып жұмыс істеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын құру кезінде Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясын басқарды. 2017 жылдың мамыр айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus