ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі. Бүгінде Тараз қаласында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады, 24 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға сүбелі үлес қосуда. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыруды жалғастырудың маңызы зор.