Нұр-Сұлтанда жаңажылдық ертеңгілік пен корпоративтер өткізуге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық шараларды, соның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және мерекелеудің басқа да түрлерін өткізуге тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Мобильдік топтар күшейтілген режимде санитарлық нормаларды сақтау бойынша рейдтер жүргізуді жалғастыратыны атап өтілді. Тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады.
Еске салайық, елордада 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!