Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жайдарбек Күнғожинов "Томирис" фильміндегі трюктері үшін каскадерлік "Оскар" алды

Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, трюктерді қоюшы, каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) "Таурус" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол каскадерлік "Оскар" деп аталатын бұл беделді сыйлыққа үміткерлер тізіміне режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасында жасаған жұмысы үшін енген болатын.

"Біз үшін, Nomad Stunts командасы үшін бұл өте маңызды және құнды марапат. "Таурус" сыйлығы жыл сайын әлемнің үздік экшен-мамандарына беріледі. Біздің фильм Қазақстан тарихында алғаш рет осындай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз", - дейді Жайдарбек Күнғожинов.

"Таурус" - Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) сыйлығы. Бұл жыл сайын әлемнің үздік каскадерлері, қоюшылары мен экшен-мамандарын марапаттайтын беделді сыйлық.

Айта кетейік, "Томирис" - "Таурус" сыйлығына ұсынылған алғашқы толықтай қазақстандық кинокартина. Ал Жайдарбек Күнғожинов үшін бұл екінші номинация. 2017 жылы қазақстандық жігіт Ресейдің "Викинг" картинасында трюктер қойғаны үшін әлемдік каскадерлер академиясы сыйлығының шорт-парағына түскен. Алайда ол кезде марапат немістің "Кобра арнайы отряды" телехикаясына берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus