Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шошқа фермасындағы дау: Ақтөбе облысының әкімі жағдайға қатысты пікір білдірді

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауыл маңында жұмыс істеп тұрған шошқа фермасын жабуды талап еткен Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғындарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 қарашада Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Таралған видеоға қарағанда, тұрғындардың кәсіпорынды жабуды талап еткенін аңғаруға болады. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр. Тағы бір видеодан жол талғамайтын көлік наразы топтан қашып, қақпаны қиратып өткенін көруге болады.

Видеодан алынған скриншот.

Содан кейін Бестамаққа әкімдігінің экологтары, санэпидбақылау қызметкерлері шықты. Комиссия құрылып, оған ауыл тұрғындары да кірді, тексеру басталды.

21 қараша, сенбіде Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарының бастамашыл топ мүшелерімен кездесті. Бұл туралы әкім өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Жүздесу барысында бастамашыл топ мүшелері көпшіліктің ой пікірлерін жеткізді. Мұқият тыңдап, тиісті органдарға қысқа мерзімде және шұғыл іс-шаралар жүргізуді тапсырдым. Қай мәселе болса да ашуға салмай, ақылға салып шешетін халықпыз ғой. Бұл проблеманың да оңтайлы шешу жолдарын бірге қарап, ортақ бір мәмілеге келдік", - делінген хабарламада.

Оңдасын Оразалин бұл дауда екі мәселе барын жазды.

"Біріншіден, қоршаған ортаға келтірген зиянды заттарды заласыздандыру, өтемақы төлеттіру және заң аясында жауапқа тарту. Бұнымен құқық қорғау органдары айналысуда, тиісті тапсырма берілді.

Екіншіден, көпшіліктің пікірін ескеріп, тексеріс қорытындысының нәтижесімен "Парижская коммуна – XXI" ЖШС басшылығына шаруашылықтың бағытын өзгертуге немесе мүлдем жабу туралы талап қойылады. Бұл мәселенің шешілу мерзімін анықтауды арнайы мамандарға тапсырамын.

Шаралар барысы өзімнің жеке бақылауымда. Арнайы құрылған комиссия мүшелері күнделікті жұмыс барысын баяндап отыр", - деп жазған әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus