НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 қарашада ел аумағының басым бөлігінің ауа-райына солтүстік өңірлерден басталатын циклон әсер ететін болады. Соның әсерінен қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.