2020 жылдың 30 қазаны күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне арналған «Абай және иман» атты тақырыпта онлайн форматтағы тәрбиелік іс-шара болып өтті. Тәрбиелік шара Абайдың иман мәселесіне байланысты көзқарастарын талдауға арналды. Шара аясында Қазақстан қоғамында орын алып отырған екі үлкен өзекті тақырып өзара ұштастырылды. Біріншіден, бұл әрине Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы, ал екіншісі ислам діні. Екінші мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде соңғы уақытта үлкен түйткілді мәселеге айналып отырғаны бәрімізге белгілі. Әлемде исламофобияның, исламмен байланыстырылып отырған терроризмнің, экстремизмнің, радикализмнің ушығып отыруы жағдайында, біз исламды қалай түсінуіміз керек, оның шынай...