Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өзге ұлт өкілдерін төлқұжатта "қазақ" деп жаздыруға рұқсат беру: мамандар пікір білдірді

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кеше, 11 қарашада өткен кеңесінде тараздық мектеп директоры Динара Нұрәлиева Қазақстан азаматтарына, қалауы бойынша, төлқұжатта ұлтын "қазақ" деп белгілеуге рұқсат беруді ұсынған болатын. Бұл ұсыныс әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі қолдаса, енді бірі бұрыс ұсыныс екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі осы мәселеге қатысты әлеуметтанушы мамандардың пікірін білді.
Аймақтанушы Мақсат Жақау ұсыныспен толық келісетінін айтады.
"Біріншіден, ұлттық мемлекет ретінде белгілі бір 30 жылдық мерзімнен өттік. Мысалы ағылшындар, француздар, ирландиялықтар бірден "біз америкалықпыз" деп шыққан жоқ. Ол үшін белгілі бір уақыт өтті. Бұл жерде көп жағдайда азаматтық позиция арқылы қарау керек. Мысалы сіз шетелге шыққан кезде қазақстандықпын деп айтпайсыз. "Мен қазақпын" дейсіз. Себебі сізге қазақ елінен, қазақ жерінен келген азамат ретінде қарайды. Сондықтан, менің ойымша, бұл уақыты келгендіктен айтылып отырған ұсыныс.

Екіншіден, ұсыныс қабылданған жағдайда ешкімді солай істеуге міндеттемейді. Біз өркениеттік саясатты қолданып отырмыз. Тек ұсыныс ретінде. Әркім жеке қалауымен сол ұсынысты қабылдай алады. Сондықтан бұл ұсыныс орынды, ол қорқып, үркитін дүние емес. Яғни болашағын қазақ елімен байланыстыратын кез келген адам құжатына өзін толыққанды "мен қазақпын" деп жаздыруға мүмкіндік алып отырады. Ол "қазақ" деп жаздырғанның өзінде дінін, тілін сатып кетпейді. Әркімнің өз қалауы бар. Бұл жағдайда рухани өзгеріс емес, азамат ретінде қазақ болып қалады", - дейді маман.

Әлеуметтанушы Нұрболат Айекешовтің сөзінше, төлқұжатта белгіленетін ұлтты сот арқылы да өзгертіп алуға болады.  

"Негізі бұл дұрыс ұсыныс секілді. Себебі өзімнің де таныстарым бар. Мысалы анасы қазақ, ал әкесі тәжік, бірақ ажырасып кеткен. Өзі таза қазақтардың ортасында өскен. Неге ол адамға қазақ деп жазбасқа? Өз басым бұл ұсыныс қабылданса қолдаймын. Себебі "қазақ" деп жаздыруға ешкім қинамайды. Кез келген адамның өз еркімен болатын нәрсе. Жалпы құжат бойынша ұлтын өзгерткісі келетін адам сотқа жүгіне алады. Негізі ата-анасы, мысал ретінде, орысша және өзбек ұлтының өкілдері болса, сот арқылы шешіп, "қазақ" деп ауыстыруына болады", - дейді әлеуметтанушы. 

Әлеуметтанушы, PhD докторант Эльмира Отар посткеңес және Еуропа елдерінде төлқұжатта ұлтты белгілеу екібасқа мақсатта қолданылатынын айтады. 

"Жалпы төлқұжатта ұлтты көрсету туралы әртүрлі пікір мен бағыт бар. Мысалы посткеңес елдерінде ұлтты белгілеу этникалық қауымдастықты білдірсе, Еуропа елдерінде, Америкада көбіне азаматтықты білдіреді. Ұлтты белгілеу заңнамалық тұрғыда қаншалықты енгізіліп жатқанын білмеймін, бірақ ол адамның өз таңдауы болса, оны енгізу, әрине, жақсы. Ал егер бұл әр ұлтқа міндеттелсе ол үлкен кикілжіңге әкеліп соғуы мүмкін. Бұған мысал ретінде Германияны келтіруге болады. Бұрын Адольф Гитлердің кезінде қандай ұлт болса да бәрін "неміс" деп жаздыртқан. Кейіннен оған тыйым салынды. Бірақ оның да салдары болды: түрі түрік, ал ұлты неміс деп жазылған. Яғни түсініспеушіліктер болған. Сондықтан бұл жағдайда белгілі бір тепе-теңдік болуы керек. Әр ұлттың таңдау құқығы болуы қажет", - дейді ол. 

Маманның сөзінше, бұл ұсынысты қолдаймын, не қолдамаймын деп бірден айту оңай емес.

"Себебі артықшылығы - әрине, бұл ұлтты бірлікке шақыру мақсатында айтылған сөз. Бірақ бұл өте сезімтал тақырып. Сондықтан оған қатысты әр қадам мұқият, ойланып жасалуы керек. Кемшіл тұстарын айтар болсақ, жаңа атап өткеніміздей, Германияның мысалы бойынша өзге ұлт өкілдері оны қабылдамауы мүмкін", - дейді маман. 

Разрешить гражданам прописывать себя казахами в удостоверениях предложили на заседании АНК
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus