Дезинфекциялаушылар ер адамды "соққыға жыққан" видео қайда түсірілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрларда қорғаныс костюмдерін киген екі адамның бір ер адамды көлікке отырғызуға тырысып жатқаны көрінеді. Кейбір Желі қолданушыларының пайымдауынша, оқиға Алматы облысында болған.
Шындығында, видео биыл ақпанда Қытайдың Тяньмэнь қаласында түсірілген. Ұсталған азамат карантин ережелерін бұзған. Бұл туралы SecretChina.com басылымы жазған.
Алматы облысында және Қазақстанның өзге өңірлерінде осындай тәтіпбұзушылықтар үшін ұстау әрекеттері туралы ақпарат жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!