АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын медициналық қызмет көлемі артты. Осы жылдың 9 айында Алматы қаласы бойынша аталған қызмет түрлеріне 5,9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл туралы МСҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.