НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті шетел азаматтарының қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.