НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы III тоқсанда республика экономикасында 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды. 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,5%) жалдамалы қызмет бойынша жұмысқа тартылған. Жұмыссыздар саны (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша), 454,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 5% құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.