НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар көлік тасымалдаушыларын қосылған құн салығынан 3 жылға босату ұсынылады. Бұл ұсыныс туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заң жобасын сенаторларға таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.