Елімізде кейінгі тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияның 188 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2020 жылғы 12 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония бойынша ақпарат. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 188 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 39545, 412 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29351-ге жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!