ИК-порт ұялы телефон дәуірі басталғанда бәрі білетін функция еді. Музыка, фото, тіпті ойын өткізу үшін де осы инфрақызыл порт керек болатын. Телефонды бір-біріне жақын қоймасаң, байланысы нашарлап та кететін. Ал қазір ше? ИК-порттың не керегі бар?
Қазіргі заманауи смартфонда инфрақызыл порт әлі бар. Әсіресе Қытайдан шығатын Xiaomi, Huawei, Honor секілді көптеген смартфонда кездеседі. Телефонның жоғарғы бөлігінде қара белгі ретінде көрініп тұрады.
Заманауи смартфондарға инфрақызыл порт тұрмыстық техникаларды басқару үшін керек. Смартфонға арнайы бағдарламасын орнатып әмбебап пульт етсеңіз болады. Мысалы, смарт теледидар пультін бөлмеде таппай қалсаңыз, орнына смартфон арқылы басқаруға болады.
Қазіргі смартфондардағы пульт арқылы теледидарды ғана емес, кондиционер, камера және өзге техникаларды өшіріп қосуға, функцияларын ауыстыруға болады.
Иә, жоғарыда айта кеткеніміздей ИК-порт телефон арасында файл алмасу қызметін атқаратын. Bluetooth, Wi-Fi және мобилді интернет шыққаннан кейін инфрақызыл порттың керегі болмай қалған-ды.
Сообщение Қазіргі смартфондарға ИК-порт не үшін орнатылған? появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.