Коронавирус жұқтырып, комадан шыққан Лондон тұрғыны Ким Вай Ли адам танымастай өзгерген, - деп хабарлайды "Хабар24" New York Post басылымына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, COVID-19 жұқтырған ер адам бір айдан аса уақыт бойы ауруханада жатқан. Осы аралықта ол адам танымастай өзгерген. Лондон тұрғыны 30 келіден аса салмақ тастаған.
Алты апта бойы аурумен күрескен ол соның екі аптасында жасанды комада жатқан.
43 жастағы ер адам есін жиған бойда айнаға қарап өз көзіне өзі сенбеген. Ким Вай Ли 12 наурызда індет жұқтырған. Ауруханаға түскенде оның салмағы 95 келі болса, екі аптада ол 31,5 келі түсірген. Оның айтуынша, оған бұрынғы киімдерінің барлығы үлкен болып қалған.
"Айнаға қарап өз-өзімді танымай қалдым", – дейді ол.
Лидің сөзіне қарағанда, COVID-19 жұқтырғанға дейін ауыр салмақтан оның қан қысымы жоғары болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!