Лондонда шетелдік сарапшылар Қазақстандағы оқиғаларды талқылады
ЛОНДОН. ҚазАқпарат –Азия істері жөніндегі британ Корольдік қоғамының (Royal Society for Asian Affairs, RSAA) алаңында Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиғалар талқыланды. Сонымен қатар оқиғалардың салдары және елді қалпына келтіру мен дамыту бағытындағы жоспарлары әңгіме өзегіне айналды. Іс-шара «The Oxus Society for Central Asian Affairs» (АҚШ) ұйымының қолдауымен өтті. Оған белгілі тарихшы, әлемдік бестселлерлердің авторы, Оксфорд университетінің профессоры Питер Франкопан төрағалық етті.