Қазақстандағы жүк айналымы 9,6% өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жүк айналымының мөлшері 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 183,052 млрд тонна-километрді құрады, бұл көрсеткіш - өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,6 %-ға жоғары, деп мәлімдейді ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.