Қолданыстағы ұйғыр жазуын латынға көшіру керек- депутат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаты Шаймардан Нұрымов қолданысындағы ұйғыр жазуын латын графикасына көшіру қажеттігін айтты. Осы орайда, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына тиісті депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.