АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан жарты миллион теңге жүлде алды. Азамат Сапар «Street Workout» байқауы аясында турникті ұршықша иіріле өнер көрсете алатынын танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.