ҚР Президенті сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған Конституциялық заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.